Ақтөбеде бүгін қаңғыбас ананың екі айға толмаған шақалағы "Үміт" сәбилер үйіне тапсырылды. Биыл 5-ші маусым күні дүниеге келген қыз баланы полицейлер таңға жақын Макаренко көшесіндегі №9 үйден тапқан. Полицияға аталған үйдің тұрғындары екі сағат бойы тоқтаусыз кішкентай баланың жылағанын айтып шағымданған. Шақырту бойынша жеткен тәртіп сақшылары әрбір пәтерді тыңдап, 19-шы бөлмеден сәбидің үнін естиді. Нәресте №1 полиция бөліміне жеткізілген.Түн жарымында есікті бұзып, пәтерге кірген полицейлер ортаңғы бөлмеде ұйықтап жатқан ер мен әйелді көреді. Мас жұптар шыңғырып жылаған шақалақтың үніне оянатын емес. Қатты жылағаннан көгеріп қалған сәби жартылай жалаңаш. Тәртіп сақшылары сүлгі тауып бүлдіршінді орап алады. Содан кейін ғана анасы оянады. Баланы алып кететін әрекеттерін байқап, бермеймін деп қарсыласқан. Бірақ ішімдікке әбден тойған ананың есі кіресілі-шығасылы. 32 жастағы Айгүл Медебаева бұрыннан қаңғыбас ретінде полицияның есебіне алынған. Оның үстінен қазір ата-аналық құқығынан айыру мәселесі қозғалуда.
Сәбидің денсаулығы жақсы. Жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері тексеруден өткізді. Қарны тойған бүлдіршін алаңсыз ұйықтап жатыр. Бөбекті баққан полиция бөліміндегілер оның тыныш екендігін айтады. Сүтке тойғаннан кейін мүлде жыламапты. Таңсұлу Медебаева есімді бүлдіршін 5-ші маусым күні дүние есігін ашқан. Балапанның анасы Айгүл Медебаеваның тұрақты мекенжайы жоқ. Жұмыссыз әйел қаңғыбас ретінде есепке алынған. Баланың биологиялық әкесі анықталмаған. Заң бойынша ата-ана құқығынан айыру процесі 6 айға дейін созылады. Содан кейін ғана бүлдіршін "Үміт" сәбилер үйіне орналастырылады.
Количество показов: 613
Дата создания: 30.07.2021 18:02:14
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>