Шұбарқұдық кентінде 23 жастағы бойжеткен нәрестесін дәретханаға лақтырып кетті
Шұбарқұдық кентінде жаға ұстатарлық жағдай болды. 23 жастағы бойжеткен туған сәбиін босана сала, дәретханаға лақтырып кеткен. Шарананы көршілері көріп қалған. 49 жастағы ауыл тұрғыны дереу Темір аудандық ішкі істер бөлімшесіне хабарласады. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары ауладағы дәретханадан жаялыққа оралған баланы алып шығады. Сәбидің көретін жарығы бар екен. Шақалақтың жынысы- қыз. Салмағы - 3 келі 800 грамм, бойы- 52 см. Түнімен салқында жатып қалған нәрестенің жағдайы- ауыр, қазір дәрігерлердің бақылауында. Жауапсыз ана бір тәуліктен соң табылды. Мұндай әрекетке тұрмыс құрмаған бойжеткен шарасыздықтан барғанын айтқан. Жүкітіліктің жетінші айында болған қыз түнде өзін жайсыз сезініп, далаға шыққанда босанып қалған. Бөпесін жаялыққа орап, ауладағы дәретханаға лақтырған. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. |
Количество показов: 3349
Дата создания: 29.03.2013 18:41:14