Ш.Қалдаяқов көшесінде жол жөнделеді
Ақтөбеде жауын-шашын көп болған кезде су астына кететін бірқатар проблемалық учаскелер бар. Солардың бірі әбден тозығы шыққан Шәмші Қалдаяқов көшесі. Енді мұнда құрылыс жұмыстары басталуы тиіс. Жұмысшылар нөсер кәріздерін салуға қамданып жатыр. Жолды бөгеп қойған. Бүгінгі күнге дейін батпақ басып, тізеден су кешіп келген тұрғындар бұл бастамаға дән риза. Тек жұмыстың сапалы орындалуын талап етуде. Қала бойынша жалпы ұзындығы 98 шақырым жол құрылысы жоспарланған. Бүгінгі күні облыс орталығындағы 15 көшенің жолы жөнделіп жатыр, екі шағын ауданда суағарлар салынуда. «Қызылжар-3», «Астана» тұрғын алаптарында және басқа да бірқатар жол бөлігінде құрылыс жұмыстары қарқын алды. Аймақ басшысы жауапты мамандарға жұмыстың уақтылы орындалып, сапалы болуын тапсырды. Облыс әкімі жолы жөнделіп жатқан көшелерді аралап, мердігерлермен кездесіп, атқарылған жұмыстың сапасын бағамдауда. Тұрғындар көп шағымданатын, жолдары ескірген көшелер басты назарда. Жолдар салынуда. "Ең алдымен, біз ешқашан жөнделмеген жолдарды ретке келтіреміз. Сонымен бірге, мердігер мекемелер бірден суағарлар салуда. Мердігерлер жолдарды мерзімінде аяқтауға уәде беріп отыр",-деді өңір басшысы.Количество показов: 291
Дата создания: 30.07.2024 07:37:24