Сенбі, жексенбідегі локдаун алынады
28 тамыздан бастап "Ashyq" жобасына қатысатын барлық бизнес нысанына демалыс күндері сағат түнгі 12-ге дейін, "Ashyq" көшбасшыларына сағат түнгі екіге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Оларға қойылатын шарт - қызметкерлер мен келушілердің "Ashyq" қосымшасы арқылы расталған "жасыл" мәртебесі болуы тиіс. Сенбі күні қоғамдық көлік жүреді. Ал 30 тамыздан бастап жұмыс күндері "Ashyq" жобасына қатысатын барлық бизнес объектісінің жұмыс уақыты кешкі оннан он екіге дейін, жоба лидерлері үшін жұмыс уақыты түнгі 12-ден екіге дейін ұзартылды.
"Табыс" базарында сауда орындарын жалға алып, жұмыс жасап жатқан 400 саудагер бар. Олардың 90 пайызы екпемен қамтылған. Карантин талаптарын орындамағандар 80 мың теңгеден астам айыппұл төлейді. Ал қосымшаны дұрыс пайдаланбаған бизнес нысандарының жұмысы екі айға тоқтатылады. Өңірде эпиджағдай әлі де тұрақсыз. Сондықтан әліптің артын бағуға тура келеді.
Количество показов: 678
Дата создания: 25.08.2021 18:10:15