Сазды өзенінің арнасын тазарту жұмыстары тоқтап тұр
Қаламызды қақ жарып өтіп жатқан Сазды өзенінің арнасын тазартуға қатысты жұмыстардың басталғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Алайда басталған жұмыстардың әзірге аяқталар түрі көрінбейді. Ал тендерде жеңімпаз атанған "Ассана Строй Сервис" ЖШС болса құрылысты аяқтаудан бас тартып отыр. Сазды өзенін жайғастыруға қатысты жұмыстар Ақтөбеде 2011 жылы басталған болатын. Жоба бойынша құрылыс екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде осы өзеннің Сәңкібай батыр даңғылынан "Мега" сауда орталығына дейінгі аумағы тазартылуы тиіс болатын. Аталған аудандағы құрылыс жұмыстарына қазынадан 300 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. Қазір сол қаражаттың 70 пайызы игерілген. Жобаның екінші кезеңінде өзеннің Кеңес Нокин даңғылына дейінгі ауданын тазарту жоспарланған. Бұл аудандағы құрылыс жоспар бойынша үстіміздегі жылдың аяғына дейін аяқталуы тиіс. Қазір бұл аумақта құбыр желілерін жаңартуға қатысты ғана жұмыстар жүруде. Ал өзеннің түбін тазалап, жағалауын қалыпты жағдайға келтіруге қатысты жұмыстар мердігер мекеменің анықталмауына байланысты әзірге тоқтап тұр. |
Количество показов: 2204
Дата создания: 23.07.2013 18:49:39