Сазды өзені Ақтөбенің ажарына айналады
Бір-екі жылдықта Сазды өзенінің "Шығыс" базарына жақын тұсы адам танымастай өзгеруі керек. Мұнда сулы-жасыл гүлзардағыдай халықтың еркін демалуына жағдай жасалмақ. Өзен жағасы түгелдей тазартылып, абаттандырылады. Жалпы аумағы 1 мың 700 метр болатын жерге тротуарлар төселіп, жиектастар жасалады. Әзірше бұның бәрі жоба жүзінде ғана. Құрылыстың сапасына "Ассанастройсервис" мердігерлік мекемесі жауапты. Жоба екі жылға есептелген. Құны - 260 миллион теңге. Осы жылы құрылысшылар бөлінген қаражаттың 180 миллион теңгесін игеруі тиіс. Өзеннің сағасы тазарып, жан-жағы ретке келтірілгеннен кейін, тереңдігі 2-2,5 метр тоғанға су жіберіледі. Қалалық құрылыс бөлімі бастығының орынбасары Геннадий Дудаковтың айтуынша, қолда бар жоба сәтті әрі уақытымен жүзеге асырылса, бұл жер ақтөбеліктердің сүйікті демалыс орнындарының біріне айналуы әбден мүмкін. |
Количество показов: 4754
Дата создания: 24.07.2012 18:58:55