Сазды ауданындағы кәріз құбырын жөндеу қыс түскенше жалғасуы мүмкін
Сазды ауданындағы көлік жолының бір жақ бөлігі жабылғанына ұзақ уақыт болды. Жұмысшылар әлі кәріз құбырларын жөндеу жұмыстарын бітіре алмай жатыр. Өйткені әбден ескіріп кеткен құбырларды жөндеу технологиясы әрі жаңа, әрі қиын. Бірақ, кәріз желісін жаңасына алмастырғаннан гөрі арзанға түсіп жатыр. Жөндеу жұмысымен алматылық "Айджи" ЖШС-і айналысып жатыр. Елде әзірге жалғыз осы компания ғана әбден тозығы жеткен құбырларды германиялық жаңа технологияны пайдаланып, қалыпқа келтіре алады. Жер астындағы ескірген құбырлардың іші су өткізбейтін полимерлі материалмен қапталып, оның ішіне желім тектес сұйықтық жіберіледі. Құбырдың ішінде саңылау қалатындай сығымдалып, қатты құбырға айналғанша қатырылып, кептіріледі. "Айджи" серіктестігінің жұмысшылары кәріз құбырларын қалыпқа келтіру жұмыстарын қыс түскенше бітіруге асығып жатыр.
Количество показов: 2198
Дата создания: 20.09.2012 20:12:18