Сауда, ойын-сауық орталықтары ашылды
Карантиннің аяқталуын асыға күткен ақтөбеліктер қуаныштарын жасырмады. Бірі киім дүкендерін аралаймыз дейді, енді бірі сауда орындарындағы жұмыстарына оралғандарына дән риза. Бүгіннен бастап карантиндік шектеулер жеңілдетілгенмен, бірқатар нысандар үшін тыйым әлі де сақталуда. Атап айтсақ, ойын-сауық, спорттық, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың жұмысына, мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге, бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктердің жұмысына, діни нысандардың жұмысына, қала маңындағы жолаушылар пойыздарының қозғалысына тыйым салынады.
Количество показов: 875
Дата создания: 17.08.2020 19:19:55