Ай басталғалы облыста пиротехникалық бұйымдардың заңсыз саудасына қарсы 300-ге жуық рейд жүргізілген. Нәтижесінде сатылымнан 616 пиротехникалық бұйым тәркіленді. 16 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сауда орындарында тексеру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Оған облыстық төтенше жағдайлар және полиция департаменттері қызметкерлері жұмылдырылған. Пиротехникалық бұйымдар ашық саудада болмауы керек. Атылу, жарылу қабілетіне ие тауарлар қалада тек аңшыларға арналған қару-жарақ дүкендерінде сатылады. Алайда жаңа жыл қарсаңында пиротехникалық бұйымдардың заңсыз айналымына қарсы рейдті күшейткен ақтөбелік полицейлер олардың базарларда рұқсатсыз сатылып жатқанына көз жеткізген. Тәртіп сақшылары мен төтенше жағдай қызметкерлерінің азаматтардың қауіпсіздігі үшін құрақ ұшып жүргенін естен шығармау керек. Астыртын жолмен өндіріліп, астыртын жолмен сатылып жатқан пиротехника жарылғыш зат, қару. Сапасыз өнімді пайдалану басты бәйгеге тігумен пара-пар.
Осы айдың басынан бері облыста отшашуларды сатумен заңсыз айналысқан 16 адам анықталды. Оларға 15-20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған.
Количество показов: 1074
Дата создания: 30.12.2020 18:12:01
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>