Сатира сарбазы
Әдебиет жанрларының ішіндегі ең қиыны да, ең күрделісі де сатира. Сатира жанрында қаламының құнары бар дарындар ғана ұзақтап, тұрақтап қала алады,-дейді сыншылар. Әдебиет тарихы осыны талай дәлелдеген. Шона Смаханұлы 1924 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық савхозында дүниеге келген. Сықақшы "Шимайбек пен Шыңқетпе", "Қу түлкінің сыбағасы", "Көріп жүр ғой көздері" , "Ұры тіс", "Ұр, тоқпағым, ұр" , "Айға ұшамын" атты танымал шығармалардың авторы. Шара барысында Шона Смаханұлының шығармалары жайлы айтылды. Кеш қонақтары болса сатира жанры жайлы сөз қозғап, жастардың сұрақтарына жауап берді. С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырып отырған шараның жастарға берері мол. Қазақ әдебиетінің, соның ішінде сатира жанрының саңлағы Шона Смаханұлы жайлы біреу білсе, біреу біле бермейді. Мақсат-жастарды кітап оқуға баулу, қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларын насихаттау. Кеш соңында «Күлкі - өлмес елдің өшпес күші» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.Количество показов: 273
Дата создания: 15.08.2024 07:57:20