Сарбаздар әскерге аттанды
Бұған дейін де өңірімізден отан алдындағы борышын өтеуге 1500 жігіт аттанған. Әскерге бару-әр азаматтың міндеті. Ал оны абыройлы атқару-үлкен жауапкершілік,-дейді қорғаныс саласының мамандары. Жылдың аяғына дейін облыстан тағы 500 сарбаз әскерге жіберілуі тиіс. Тұңғыш президент атындағы орталық саябаққа жас сарбаздардың туыстары да жиналды. Барлығының тілегі бір. Ұлдарының абыройы мен амандығы. Салтанатты шараға арнайы келген ауған соғысы ардагерлері жас сарбаздарға ақ жол тілеп, отан алдындағы борышын абыроймен атқаруды аманат етті. Ал жергілікті өнерпаздар отан қорғаушылардың құрметіне ән шырқады.
Количество показов: 1558
Дата создания: 03.11.2017 18:41:43