Сарбаздар Отан қорғауға аттанды
Бүгін Ақтөбеден Отан қорғау үшін биылғы жылдың алғашқы сарбаздар легі аттанды. Медициналық тексеруден сүрінбей өткен 40 шақты сарбазды ата-аналары мен туған-туыстары облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаментінде салтанатты түрде шығарып салды. Сарбаздар бір жыл бойы Алматы қаласы маңындағы әуе қорғаныс күштері әскери бөлімінде қызмет етеді.Осылай деген сарбаздар Алматы қаласы маңындағы әуе қорғаныс күштері әскери бөліміне аттанып барады. Айтуларынша өз еріктерімен сұранған. Сарбаздар әскердің қатал тәртібіне үйреніп алған соң, әуе техникаларымен танысады. Оларды бүгін ата-аналары, достары, туыстары күннің күрт суытуына қарамастан көңілді шығарып салды. Немересін әскерге шығарып салу үшін Шалқар ауданынан арнайы келген Құлекен Шәріповтің өзі Германия мемлекетінде 3 жыл 6 ай бойы әскерде болған. Ақсақалдың алты ұлы Отан қорғаған. Үлкені ауған соғысының ардагері, екіншісі Еуропаға барған. Жоспар бойынша ертең 15 сарбаз тағы Алматы қаласына аттанады. Бозбалалар шекара қызметіне машықтанады. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бөлім бастығының орынбасары Мейірбек Сансызбаевтың айтуынша, жыл санап әскер қатарына сұранушылардың қатары көбейген. Дегенмен, олардың 20 пайызын жіберуге ғана мүмкіндік бар.
Биыл мыңға жуық ақтөбелік жігіт әскер сапына алынады. Олар көбінесе Шығыс өңіріне, Атырауға, Астана, Шымкенттегі әскери бөлімдерге жіберіледі.
|
Количество показов: 2472
Дата создания: 15.04.2013 18:55:03