Сарқынды сулар кәдеге жаратылатын болады
Экологиялық мәселелер бойынша 2021-2024 жылдарға арналған "Жол картасы" бағдарламасы бойынша өңірде нақты 33 жұмыс атқарылуы тиіс. Солардың бірі- ауа ластаушы заттардың таралуын азайту. Ауаға шамадан тыс шаң-тозаң жіберіп отырған құрылысқа қажетті бұйымдар өндіретін кәсіпорындар мен зауыттардың бірнеше цехтарын жаңғырту мәселелері күн тәртібіне қойылған. Яғни, әбден ескірген технология қолданып отырған Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №1 және 2-ші балқыту цехтары қайта жарақтандырылмақ. "Қазақстан ғарыш сапары" АҚ геопорталының деректері бойынша облыс аумағында жоюды қажет ететін 55 заңсыз қалдықтар орны анықталған. Заңсыз қоқыс тасталған жер учаскелері тазартылып жатыр. Қала аумағымен бірге Мәртөк, Алға, Хромтау, Қарғалы аудандарының жері ластанған.
Бағдарлама аясында іске асырылатын жоспарда облыс аумағын көгалдандыру жұмыстары тұр. 2024- жылға дейін 1 млн-нан астам ағаш отырғызылуы тиіс. Шалқар көлінің түбі тазартылады. Жобаны іске асыруға алғашқы жылы республикалық қазынадан 3 млрд теңге бөлінбек.
Количество показов: 759
Дата создания: 25.12.2020 20:06:53