Салық органдары ауыр жүк көліктерінің ізіне түсті
Салық қызметкерлері ауыр жүк тасығыш көліктерімен табыс тауып жүрген жеке жүргізушілердің ізіне түсті. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей , салықтан жалтарып жүргендерді сабасына түсірмек. Бүгін олар қаланың бірнеше тұсындағы заңсыз тұрақтарды аралап, рейд жүргізді. Отбасын асырау қамымен жүрген мына ер- азаматтар жүк тасығыш көліктерін қаңтарып қойып ертеден кешке дейін тапсырыс күтеді. Тұрақтары заңсыз болғанымен, тиын - тебен табу үшін осылайша әрекет етуге мәжбүр. Бүгін көлденеңнен келіп қалған салық органдарының қызметкерлеріне олар мардымды жауап берген жоқ. Бастарын ала қашты. Рейдке шыққандар Нокин даңғылында тұрған бірнеше көлік иесінің нақты кім екендігін таппай қиналды. Егер ауыр жүк тасығыш көліктің иесі белгіленген мерзімде салық органдарына тіркелмесе 29 мың теңге айыппұл төлейді. Ал егер жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге алынса, жылына бір рет 3236 теңге төлейді. Қала бойынша осылайша табыс табатындар жеті - сегіз аумақта тұрады. Жүк көлігімен қоқыс тасып, құрылыс материалдарын жеткізіп беруге әзір қай - қайсысы да. Бұл туралы салық қызметкерлері біледі. Рейдттік тексерулер жылда өтеді. Нәтиже аз. Бірақ, мамандардың айтуынша, өз еркімен тіркеліп жатқан жеке жүргізушілер де бар. |
Количество показов: 2057
Дата создания: 17.07.2013 18:34:52