Салауатты өмір салтын таңғы жаттығудан баста!
Адам денсаулығының 55 пайызы күнделікті өмір салтына тікелей байланысты. Зиянды әдеттерден аулақ болу, дұрыс тамақтану, артық салмақтан арылу. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті қабырғасында семинар - тренинг өткізген дәрігерлердің пікірі бұл. Кешелі бері салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі Ұлттық орталық өкілдері ақ халаттыларға дәріс беріп жатыр. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі Ұлттық орталық өкілдері семинар- тренингтің нәтижелі өтуіне ден қойды. Мамандар пікірінше, адам денсаулығына қоршаған ортасы, тұрмыстық жағдайы, кіріс көзі, тіпті білім деңгейі де тікелей әсер етеді. Шылымқордың өзіне де, өзгеге де кесірі көп. Әсіресе жүкті келіншектердің көк түтінге тұншығуы, бойдағы нәрестесінің тамырына балта шабумен тең. Бүгін мамандар нақты тәжірибе жүзінде дәлелдеуге тырысты мұны. Ұлттық орталыққа тиесілі көрнекілік заттарды, медициналық құрал-жабдықтарды өздерімен бірге ала келген. Мына көзілдірікті кисең ішімдік ішкенмен тең дәрежеде күй кешесің. Жиналғандар үшін семинардың тәжірибеге құрылған кезеңі қызықтау әсер етті. Ертең өңір меймандары Хромтауға жол тартады. Ондағы дәрігерлердің сауаттылығын көтеріп, халыққа тиімді де маңызды кеңестерімен бөліспек. Өкінішке орай, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі Ұлттық орталық мамандарына қолжетімді құрал - жабдықтар облыс дәрігерлеріне жете қойған жоқ. Халықтың медицинаға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруға тәжірибелік көрнекіліктер аз. Ақпараттық медициналық парақшалар таратумен шектелуге мәжбүр мамандарымыз. |
Количество показов: 2414
Дата создания: 18.09.2013 18:35:18