"Салақ көрші"
Юнус Балғариннің күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылғанына 1 айдың жүзі болыпты. Жапсарлас тұрған көршісі ауласында ешкі ұстап, санитарлық талаптарды сақтамай отыр. Әсіресе, күн ысығаннан бері ақтөбеліктің жағдайы қиындаған. "Ешкілердің тезегі тазаланбайды. Төл бағып отырған бұл азаматтар тазалық жайлы бейхабар",-дейді. "Салақ көршілерімнің кесірінен ауру болдым",-дейді ашынған тұрғын. Ешкі ұстайтын көрішісінің ауласынан адам төзгісіз иіс шығатынын айтады. Қолаңсамен күреспек болып дихлофос да шашқан. Қаланың қақ ортасында төрт түлік ұстап отырған көршісінің де айтар уәжі бар. Шағымдануға негіз жоқ,-дейді әйел. Альбина Тұрғанбаеваның облыс орталығына көшіп келгеніне 1 ай болыпты. Ауылдаешкі шаруашылығын ашып, тұқымын асылдандырып, мүйізінен бастап бақайшағына дейін пайдаға жаратып отырған кәсібін қалада дөңгелете алмапты. Малын сатылымға шығарып қойыпты. Күзге дейін шыдауын сұрайды көршісін.
Қалада үй жануарларын ұстау өзекті мәселе болып отыр. Қазір әркім үйінде қанша ит-мысық ұстаса да еркі өзінде, себебі, біздің облыста үй жануарларын ұстау туралы арнайы ереже жоқ. Әйтсе де, көршілерге кедергі келтірмей, балалар ойнайтын алаңға шығармай, түрлі жұқпалы ауруларды тартпай ұстауы шарт,-деген пікірде. Көршілер дауы осымен шешіледі ме, белгісіз. Себебі қаланың қақ ортасында төрт түлік мал ұстап отырған әйел ешкілерін күзге қарай сатпақ. Ал әзір Құдай қосқан көршісінің ақысына кірмей, компромисске келуі шарт. Өйткені, малдың тезегінен тарап жатқан қолаңса иістен көршісі зардап шегіп отыр.
Количество показов: 320
Дата создания: 11.07.2024 08:27:08