Сал ауруына шалдыққан балалар зоотерапиядан өтті
Мүмкіндігі шектеулі балалар бүгін жан-жануарларды көру бақытына ие болды. "Бота" қоғамдық қоры мен "Адал дос" клубы мүшелерінің бастамасымен 10-ға жуық мүгедек бала Қызылжар ауылындағы шаруа қожалықтарының біріне барып, атқа мінді. Ит ұстады. Мұндай зоотерапия әсіресе сал ауруына шалдыққан балаларға аса қажет, дейді мамандар. Туа бітті сал ауруына шалдыққан Жасұлан үшін атқа мінуден асқан бақыт жоқ. Төрт бұрышта қамалып отыратын баланы ата-анасы сүйек, буындары қатайсын деп үнемі хауызға апарады. "Гера" есімді тұлпар балаларды жатсынған жоқ. Атты жетектеп жүрген Мырзабек Қазбаев ұл-қыздарды бірінен соң бірін мінгізіп, бір айналып келді. Ал бұл - "Кинг" атты неміс төбеті. "Кинг" көрермендерін асқан ақылымен тәнті етті. Биікке шығып, дуалдан қарғыды. Балаларды Қызылжар ауылына әкеліп, табиғатқа жақын болуға жағдай жасаған - "Бота" қоғамдық қоры мен "Адал дос" клубының мүшелері. Қор әдіскері барлығына сыйлықтар үлестірді. |
Количество показов: 4407
Дата создания: 03.08.2012 18:54:12