Сәулет-құрылыс саласында былтыр 149 заң бұзушылық болған.
Облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы өткен жылды қорытындылады. Ведомство өкілінің айтуынша, былтыр салада 411 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. 2023 жылдың 12 айында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 149 хаттама жасалды. 37 211 775 теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.Былтыр 54 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапқа тартылған.Салынып жатқан нысанның сапасына шағым көп. Арзан құрылыс материалдарын қолданып, құжатта басқа соманы көрсеткен адал емес компания басшылары да бар. Тексеру барысында, оларға қатысты шара қолданылып, олқылықты жою туралы ұсыныс берілген.Количество показов: 313
Дата создания: 13.01.2024 07:04:56