Сүт зауыты ауданындағы көше тұрғындары жағымсыз иіске тұншығып отыр
Сүт зауыты ауданындағы жеке жер үйлердің ауласын кәріз суы басып қалды. Ауладағы бау-бақша да сасық судың астында қалды. Кейбір үйлердегі әжетханадан шыққан кәріз суы да бөлмелерді алып кеткен. Тұрғындар тәңертеңнен бері үйге кіріп кеткен кәріз суын шіләпшін, шелекпен шығарып әлек. Көшеде шағын көлшік пайда болған. Айналаны қолқаны қабатын жағымсыз иіс жайлаған. Тұрғындар дәл мұндай жағдай бұл жерде жылына кемінде екі рет қайталанып тұрады деп отыр. Ал "Aktobe su-energy group " АҚ басшылары бұл жолы кәріз құдығындағы сорғының істен шығуына "ҚазТрансГаз " АҚ жұмысшылары кінәлі,- дейді. Газ құбырын тартып жатқан мекеме жұмысшылары сорғының негізгі қондырғысын жұлып кетеді. "Aktobe su-energy group" АҚ өкілі бүгін кәріз құдығы толық тазаланып, сорғы қалыпты жағдайдағы жұмысына көшеді,- дейді. Бірақ, тұрғындар аптап ыстықта көшені басып қалған кәріз суының жағымсыз иісін кетіру мүмкін болмайды,- деп отыр.Количество показов: 351
Дата создания: 12.06.2024 05:22:10