Сұранысқа ие көкөніс түрлері саудасына шектеу қойылмайды
Базардағы азық-түлік бағасы баға соңғы екі аптада ушығып кеткені белгілі. Көкөніс қымбаттағалы еліміздің өзге өңірлерінде картоп пен сәбіз саудасы шектелді. Мәселен, нарықтағы бағадан үш- төрт есеге арзан көкөністер адам басына екі келіден ғана сатылып жатыр. Бірақ Ақтөбеде сұранысқа ие көкөністерді шектеп сату жоспарланып отырған жоқ, дейді базар басшылығы. Бүгін көкөніс сататын базарларда адам қарасы көп. Себебі сенбі -жексенбі күні қаладағы базар, сауда орталықтары жұмыс жасамайды. Сондықтан кейбір тұтынушылар бүгін түстен кейін көкөніс бағасы біршама қымбат болып тұрғанын айтады. "Табыс" коммуналдық базарында қызанақ пен қиярдың келісі 200 теңгеден, көк алма 250 теңгеден сатылуда. Бағаның осыдан екі -үш апта бұрынғымен салыстырғанда біршама төмендегені байқалады. Бірақ картоп пен сәбіз бағасы ғана түспей тұр. Базар әкімшілігі жақын күндері оңтүстіктен арзан картоп пен сәбіз жеткізілетінін айтты. Ақтөбеден еліміздің оңтүстік облыстарына көкөніс алып келуге бірнеше жүк көлігі жөнелтілген.
Количество показов: 625
Дата создания: 02.07.2021 18:22:15