Сәңкібай батыр даңғылындағы жатақхананың былтыр өртенген шатыры әлі қалыпқа келтірілмеген
Жоғарғы қабаттағы пәтер тұрғындарының жағдайы, тіпті, мәз емес. Төбеден аққан тамшыға үйде бар ыдыстарды тосып әлек. Өрттен кейін суға кетеміз бе деген үрей де жоқ емес. Өрттен кейін пәтерлеріне залал келген тұрғындарға бір реттік ақшалай көмек берілген. Бірақ олар әкімшілік берген 100 мың теңге пәтерлерін жөндеуге жетпейтінін айтты. Үй шатыры осыдан екі жыл бұрын терможаңғырту бағдарламасымен жаңартылған. Енді тұрғындар соның ақшасын төлеп отыр. Шенеуніктер шатыр жөнделгенше несие төлемей-ақ қойыңдар дегенмен, пәтер иелері төлем түбіртегінің ай сайын үзілмей келіп жатқанын айтты. Бүгін онлайн есеп беру кездесуінде қала әкімі Асхат Шахаров өрт дерегі бойынша тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатқанын жеткізді. Еске сала кетейік, былтыр 30-қарашада Сәңкібай батыр даңғылындағы №159 көп қатарлы үйдің шатыры түгел жанып кетті. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.
Количество показов: 742
Дата создания: 05.02.2021 19:07:07