Қаладағы аудан күндері аясында көше мерекесі дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады. Бұл-биылғы жылдың жаңашылдығы. Темір ауданы жауынгер, әрі би болған Назар Сәңкібай батырды таңдаған. Қазір қаланың ең ұзын даңғылы батырдың есімін алып жүр. Сәңкібай батыр-қазіргі Темір ауданының тумасы. Темір ауданында ұлттық ойындар дамыған. Мәселен, тоғызқұмалақтан облыс, республика чемпиондары шықты. Шахмат бойынша спорт шеберлерімен мақтанады. Аудандық спорт бөлімі зияткерлік ойын түрлерінен көше бойындағы алаңқайда жарыстар өткізді.Мерекелік шара барысында биылғы көктемде болған су тасқынынан зардап шеккендер де назардан тыс қалған жоқ. 15 отбасыға тұрмыстық техникаға сертификаттар табысталды.Тоңазтқыш, кір жуғыш машина мен теледидарлар бірден иесінің үйіне жол тартты.
Облыс әкімінің қолынан сыйлық алғандардың бірі- Мейрамгүл Дүйсенова. Қызыл су салдарынан баспанасыз қалған ол отбасымен пәтер жалдап тұрып жатыр. Үш баланың анасы. Кенже ұлы сал ауруына шалдыққан. Алайда дәрігерлер баласына мүгедектік тағайындамаған. Жергілікті билік үй тұрғызып ал деп жер берген. Сәңкібай батыр даңғылында өткен мерекеге жергілікті кәсіпорындар да атсалысты. Жеке медициналық клиникала дәрігерлері ашық аспан астында денсаулық акциясын өткізсе, мейрамхана аспаздары тегін балмұздақ пен тәттілер таратты. Шара этно-мәдени орталық өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
Количество показов: 2470
Дата создания: 12.06.2017 18:46:43
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>