Ржев түбінде қаза тапқан екі жауынгердің сүйегі табылды
Жауынгерлік іздеуші топ жолға шықты. "Соғысқа қатысқан бауырластар" қоғамдық қоры Ресейдің Тверь облысына жүріп барады. Ресейдің Ржев қаласының Қазақстан, соның ішінде біздің облыс үшін - орны бөлек. Онда ҰОС жылдарында қаза тапқан 2 млн жауынгердің сүйегі жатыр. Соның он мыңдайы қазақтың 17 мен 18-дегі өрімдей жігіттері болатын. Бәрі де 1941 жылдың қарашасында құрылған 100 бен 101-атқыштар бригадасының сапында болғандар. Әрқайсысы 5 мың адамнан құрылған ұлттық бригаданың қатарына Ақтөбе, Атырау, Орал, Қызылорда, Қостанайдың жігіттері алынған болатын. Ресейлiк iз кесушiлердiң тапқаны: қазақ жауынгерлерiнiң сүйегi топтаса шығып жатқан жер - негiзiнен Ржев маңындағы Оленин ауданы. Мұндағы 29 бауырластар зиратында түгелдей қазақ жауынгерлерi жатыр. Ақтөбеден аттанған экспедиция сол жерлерде болып, зиярат етпек. Бұл жолғы сапар батыр қала Ржевті қорғаудың 70 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. "Боевое братсво" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гумер Галеевтің айтуынша, жол қаражатын ақтөбелік кәсіпкерлер көтеріпті. Экспедиция мүшелері бауырластар зиратына ескерткіш белгі қойып, екі жерлес жауынгердің сүйегін елге алып келеді. Ресейлік іздеуші жауынгерлік топ Ржев түбінде алты қазақстандық жауынгер туралы деректер табылғанын жеткізген. Соның екеуі-Мәртөк пен Қандыағаштан аттанған сарбаздар екені белгілі болды. 2010 жылы облыстық әкiмдік Ржев қаласына кiре берiстегi Осташковск тас жолының бойына 100-шi және 101-шi атқыштар бригадасы жауынгерлерiнің құрметiне ұзындығы - 33 метр, биiктiгi - 3,6 метрлiк гранит қабырға орнатқан болатын. Онда қазақстандық қос бригаданың 10 мың жауынгерiнің есiмдерi алтын әрiптермен жазылып, Қазақстан картасы бедерленген. |
Количество показов: 2635
Дата создания: 16.10.2012 18:55:16