Рухани келісім күніне арналған флеш-моб өтті
Бүгін елімізде рухани келісім күні. Ақтөбелік 800 жас бұл атаулы күнге орай Тұңғыш президент атындағы саябақта "Рухани бірлік тізбегі" атты флеш- моб ұйымдастырды. Жастар жаппай қатысқан акцияның мақсаты - Қазақстанды мекендеген ұлттардың татулығы мен бірлігін паш ету. Бүгін бас қосқан 800 жас қаладағы университет, институт, колледждерден жиналған. Олар бейбітшілік және келісім гүлзарында бірлік тізбегін құрды. Қол ұстасқан жастар осылайша ел тыныштығын, ұлттар арасындағы татулықты паш етті. Осыдан жиырма жыл бұрын Алматыда Дүниежүзілік рухани келісім конгресінің бірінші сессиясы өтті. Алғаш рет әлемдегі дін өкілдері,діни мәселе толғандыратын танымал ғалымдар бас қосты. Конгресс меймандары 18-қазанды Рухани келісім күні ретінде бірауыздан бекітті. Сол уақыттан бері бұл күн атаусыз қалған емес. Дінге, ұлтқа бөлінбей, елді дамытуға үлес қосу мәселесі жастар арасында кеңінен насихатталып жүр. "Жарық" ақпараттық кеңес- беру орталығы рухани келісім күнінің символын ойлап тапқан. Шаңырақ бейнесіндегі мына жалаушалар флэш - мобқа атсалысқандарға таратылды. Бүгінгі басқосуға тек жастар ғана емес діни бірлестіктер, мемлекеттік мекемелердің өкілдері де қатысты. |
Количество показов: 2764
Дата создания: 18.10.2013 18:23:30