Өртке қарсы тұратын еріктілер жасағының дайындығы пысықталды
Бүгін Новый селолық округі аумағында далалық және орманды алқапта алты жерде өрт шықты. Тілсіз жауды ауыздықтауға 75 ерікті жасақ және 16 техника жұмылдырылды. Өртке қарсы күресуге міндетті еріктілер жасағының әзірлігі осылайша тактикалық оқу - жаттығу барысында байқалды. Далалықта тұтанған өрт көз ілеспес жылдамдықпен орманды алқапты шарпыды. Новый селолық округі аумағындағы төтенше жағдай туралы хабарлама барлық жауапты мекемелерге жетті. Күндізгі сағат 11- лер шамасында бес түрлі қашықтықта басталған қызыл жалынды өрт сөндірушілер ауыздықтап үлгерді. Бірақ, соңғы жағдайда төрт адам зардап шекті. Адам шығынын болдырмас үшін қандай әрекет ету керек? Тактикалық оқу - жаттығуда еріктілер өздері машықтанған әдістерін пайдаланды. Жедел жәрдем көлігі жеткенше күйік шалған науқасты оқиға орнынан оқшаулауға тырысты. Жалпы тілсіз жауды ауыздықтауға 75 ерікті жасақ және 16 техника жұмылдырылды. Жер жыртатын тракторлар, су тасығыш көліктер оқиға орнынан табылды. Новый селолық округінің әкімі Бақыткелді Мыңжасардың айтуынша, былтыр осы далалықта өрт жағдайына қатысты төрт дерек болған. Адам шығыны болмаған, алқапқа тиген зардабы да аз. Жиырма шақты шаруа қожалығынан өкілдер осы аумақтың қауіпсіздігі үшін күресіп келеді. Новый селолық округіне тек бір су тасығыш техника тиесілі. Ал алқап аумағы 26 мың гектар. Соған қарамастан округ әкімі өздерінің қауіпті маусымға әзір екендігін мәлімдеді. Оқу - жаттығу ұйымдастырылған аумақ қауіпті жерлердің бірі. Қураған қарағаштар өрт болған жағдайда оның өршуіне әкеліп соғуы әбден мүмкін. Қала әкімі аппараты ТЖ жөніндегі бөлімінің басшысы Бекболат Нұрашевтың айтуынша, облыс аумағында былтыр ірі оқиғалар тіркелген жоқ. Биыл да дайындық жоғары. Бүгінгі шараға қала әкімінің орынбасары Геннадий Дудаков қатысты. Қала әкімдігі аппараты төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері және ауыл әкімдері оқу - жаттығудың деңгейін бағалады. |
Количество показов: 2219
Дата создания: 17.05.2013 18:03:02