Өрт сөндіру көліктеріне кедергі көп
Ауладағы қоршаулар мен көлігін ретсіз қойған жүргізушілер өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатты. Арнайы дабыл қаққандарына қарамай, асығып бара жатқан 01-ге жол бермейтіндер де көп. Бұл өрт сөндірушілерге жалынды дер кезінде ауыздықтауға кесірін тигізіп жүр.
Әбілқайыр хан даңғылы, Есет батыр, Қалдыаяқов, 101-атқыштар бригадасы көшелері. Өрт сөндірушілер үшін ең қиын аумақтар - осылар. Қысылтаяң шақта көлік кептелісінде қалып қойсаң, діттеген жеріңе кешіктім дей бер. Қанша жерден дабыл ойнап тұрса да көлік жүргізушілері жол бермейді. Өзінен басқаның өміріне селт етпейтін осындай жүргізушілерге ой тастау мақсатында жол-патрульдік полициясымен бірлесіп дауыс зорайтқыштар арқылы айтып та көріпті. Бірақ, нәтижесі шамалы. Пәтер иелері кооперативтерінің басшыларына құлаққағыс. Ауладағы ретсіз қойылған бетон қоршауларды алып тастаған жөн. Әйтпесе, апат кезінде өрт сөндіру көлігінің жолын бөгейді. Көп қабатты үйлердің ауласындағы темір қоршаулар мен ретсіз қойылған көліктер мәселесі тек өрт сөндірушілердің ғана емес, сонымен қатар құтқару және жедел жәрдем қызметтерінің де бас ауруына айналып отыр.
|
Количество показов: 1983
Дата создания: 05.02.2014 18:39:14