«Рика» медиа-тобы Георгиев лентасын таратты
Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды. Бүгін «Рика» медиа-тобы қалалықтарды майданда қаза тапқан соғыс ардагерлерінің рухына тағзым етуге шақырды. 101-атқыштар бригадасы мен 312-атқыштар дивизиясының құрметіне қойылған «Зеңбірек» ескерткіш-белгісінің жанына жиналғандардың кеудесіне Георгиев ленталарын тақты. Ескерткіш-белгінің маңына жиналғандардың бірінің -әкесі, енді бірінің атасы соғыстан оралмаған. Сарғайған суреттер мен майданнан жолданған хаттар ғана- естелік болып қалды дейді ұрпақтары. Раиса Макарованың әкесі Василий Макаров майданға Соль-Илецктен аттанып, Ленинград түбінде қайтыс болған. Әрбір Жеңіс күнінде әкемнің рухына тағзым ету үшін осында келем дейді зейнеткер. Ұйымдастырушылар шараға қатысқандардың кеуделеріне Георгиев ленталарын тақты. Ескерткіш маңында төбе көрсеткендердің арасында көрші Ресейден келгендер де болды. Солардың бірі- Виктор Викторов. Жасы 87-ге таяп қалған қарияның тарихи отаны - Қобда болғанымен, қазір Ресейде тұрып жатыр. Жастар тарихты құрметтеп, олардың бойында отансүйгіштікті тәрбиелеу үшін мұндай шаралар-ауадай қажет дейді Марина Васильева. Шараға қатысқандар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. |
Количество показов: 2119
Дата создания: 04.05.2013 18:37:08