Республикалық маңыздағы тас жолдарда қозғалыс ақылы болуы мүмкін
Жүйенің ерекшелігі - учаскелерде шлагбаумдар болмайды. Сондай-ақ, жол бойындағы аркаларда орналасқан арнайы камералар арқылы автокөліктер туралы ақпарат тіркеледі. Атап айтар болсақ, бағдарламалық-аппараттық кешен құрылғының көмегімен автокөлік иесінің төлем жасағаны, көліктің жылдамдығы анықталады. Сондай-ақ, көлік салмағын анықтайды. Облыстың бірқатар аудандарында ақылы жолға байланысты қоғамдық тыңдау өтті.Алдағы уақытта ақылы болуы мүмкін Ақтөбе-Орал тас жолы 190 шақырымға жуық. Ақтөбе-Орынбор жолы 92 шақырым. Сондай-ақ, Қарабұтақ, Ырғыз жолдары Қызылордаға дейін ақылы болуы мүмкін. Әзірге нақты баға белгіленген жоқ. Әр учаске бойынша қандай автокөліктерден төлемақы алынатыны тас жолдың техникалық санатына тікелей байланысты.Астанадан келген "QazAvtoJol" ҰК" АҚ өкілі Берік Хасенов Ақтөбенің жолдарына "Өте жақсы" деген баға берді. Оның пікірінше, тақтайдай тегіс тас жолдарды ақылы қылу арқылы сапасын сақтауға болады. Айта кетейік, егер ақылы жолмен жүргені үшін қарыз пайда болып, ол ұзақ уақыт төленбесе, көлік иелеріне ескертпе хаттар жолданады. Бұл ескертулер еленбесе, айыппұл салынады. Сондай-ақ, ақылы жолға төлемді уақытылы жасаған дұрыс. Ал жолмен жүріп өткеннен кейін жасалған төлемде айырмашылықтар болады.
Количество показов: 712
Дата создания: 23.11.2020 19:05:27