Респираторлы вирустық инфекцияның белсенділігі әлі де жоғары
Тұмау маусымы аяқталды деп арқаны кеңге салудың қажеті жоқ. Мамандар жедел респираторлы вирустың инфекциялық кезеңі өтпейінше, қол алысып сәлемдесуді уақытша тоқтатқан жөн деп мәлімдеді бүгінгі жиында. Облыстық санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары Теміржан Суқашевтың айтуынша, бас изеп амандасып немесе қолынды кеудеңе қойып иілсең де жетіп жатыр. Қысқасы, ізеттіліктің бұл амалы адам денсаулығының қауіпсіздігі үшін қажет екен. Сондай - ақ, тұрғындар таза ауада көп жүруі керек деген кеңес айтты мамандар. Жаман ауруға -жақсы ас. Толыққанды уақтылы тамақтану, ауа-райының құбылмалығын естен шығармай, жылы киініп жүру де тұмаудан сақтанудың бір жолы. Дерекке сүйенсек, былтыр облыста жедел респираторлы вирустық инфекцияны жұқтырғандар саны 14 мың болыпты. Ал тұмауға шалдыққан ақтөбеліктер қатары он екіге жетті.Тұмауға қарсы өңірімізде 71800 адам егілген. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының талабы бойынша халықтың 10 пайызы вакцина қабылдаған болса, жедел респираторлық вирустық инфекция қаупі азаяды. Бірақ жеке бас тазалығына мән бермейтіндердің кесірінен егу науқаны нәтиже бермеуі де мүмкін. Айта кету керек, биыл облысымызда тұмауға байланысты білім беру мекемелерінде карантин жарияланған жоқ. |
Количество показов: 2569
Дата создания: 15.03.2013 20:22:13