Әр тұтынушы өз құқығын білуі керек
Алған тауарының мерзімі, шығарылған жері жайлы мәлімет талап ету, сауда соңында чек сұрау-бұл басты қағидалардың бірі. Сондай-ақ, сатып алған затыңыз көңілден шықпаса немесе сапасына қатысты күмән тудырса тауарды 14 күннің ішінде қайтаруға құқылысыз. Кейін тиісті органдарға шағымданыңыз.Күн сайын тұтынушылар әртүрлі құқық бұзушылықтарға тап болады, олардың арасында сапасыз тауарды сату, тауарды заңда белгіленген мерзімде қайтару және айырбастау проблемалары, сатушы мен уәкілетті орган туралы ақпараттың болмауы, тұтынушының құқықтары туралы ақпараттың болмауы, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттардың болмауы сияқты мәселелер де бар.2024 жылдың алғашқы жеті айының қорытындысы бойынша тұтынушыларға 106,5 млн теңге сомасында материалдық залал өтелді. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 160 бизнес субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 161 094 теңге айыппұл және 110 ескерту салынды. Оның ішінде 5 айыппұл ірі кәсіпкерлерге, 3 орта кәсіпкерлерге, 150 шағын кәсіпкерлерге және 2 жеке тұлғаға қатысты.
Количество показов: 338
Дата создания: 30.08.2024 10:54:06