Профессор Ғалымжан Нұрышев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Ер есімі-ел есінде. Биыл зиялы қауымның жарқын өкілдерінің бірі, көрнекті қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ақтөбе педагогикалық институтының бұрынғы ректоры Ғалымжан Нұрышевтың қаза тапқанына- тура бір жыл. Сенбі күні ғалым тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Жиынға марқұмдардың жақындары, облыстың зиялы қауым өкілдері, әріптестері жиналды. Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында естеліктер айтылды. Жайсаң мінезі мен керемет болмысымен жұртқа қадірлі болған Ғалымжан Нұрышевтың тындырған игі істері туралы айтылды. Педагогикалық институттың ректоры, көрнекті қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ғалымжан Жұмабайұлы Нұрышев пен оның зайыбы, педагогикалық институттың профессоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы Күлімхан Бәйкенқызы Шөптібаевалар былтыр жол-көлік апатынан қаза тапқан еді. Марқұмдардың артында ұлы мен қызы қалды. Еске алу шарасына марқұмның ағасы да қатысты. "Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді". Бүгінде Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында Ғалымжан Нұрышев атындағы мұражай, жұмыс кабинеті бар, арнайы стипендия тағайындалған. |
Количество показов: 2734
Дата создания: 01.07.2013 17:50:15