Пригородный - 1 елді мекенінде көгілдір отын жоқ
Қала іргесіндегі Пригородный - 1 ауылында сегіз шаңырақ бірнеше қысты жылусыз өткізді. Биыл да олар осы күйбең тірліктерін жалғастыратын түрі бар. Биыл жергілікті бюджеттен көгілдір отынға қаражат бөлінді деп естіген тұрғындардың қуанышы су сепкендей басылды. Бұл билік өкілдерінің құрғақ уәдесі болып шықты. Осы уақытқа дейін жеті қысты ауыл тұрғындары от жағумен өткерген. Әкім - қаралардың уәдесіне қатты сенген тұрғындардың бірқатары пештерін бұзып та үлгеріпті. Көгілдір отын құрылғысын алып, оны құжат жүзінде бекіту үшін құзырлы органдарды жағалап уақыттан ұтылған. Көгілдір отынға зәру үй иелері биыл да жылусыз қаламыз ба деп алаңдаулы. Пригородный -1 ауылы халқының бар мұңы газбен бітпейді. Тұрғындар суды тасып ішіп отыр. Ал жарықты өздері жалғап алған. Ашынған тұрғындар ел президентінің Ақтөбеге сапарын асыға күтуде. Өздерінің мұң - мұқтаждарын жайып салмақ. Жергілікті деңгейде мәселе түбегейлі шешілмеген жағдайда, тұрғындар қалайда өз көздегендеріне жетпей қоймаймыз деп белдерін бекем буып отыр. |
Количество показов: 2685
Дата создания: 20.08.2012 18:57:32