Полиция шет ел қылмыскерлерін ұстауда
Былтыр көрші Жаман қалада дүкен күзетшісін өлтіріп, іздеуде жүрген Ресей азаматы Ақтөбеден анықталды. Қылмыскерді облыстық ІІД қызметкерлері "Іздеу" жедел алдын алу операциясы кезінде қолға түсірді. Қылмыскердің ұлты қазақ. Ресей азаматы. Жасы 24 те. Облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Самат Сағындықовтың сөзінше, облыста наурыздың 12-сінде басталған "Іздеу" арнайы операциясы бүгін аяқталды. Шара барысында 22 қылмыскер ұсталды. Оның 12 -сі ауыр қылмыс жасағандар. Сондай-ақ із-түзсіз жоғалған 6 адам табылып, олардың жеке тұлғалары анықталды. |
Количество показов: 2114
Дата создания: 14.03.2013 19:44:53