Полицияға жыл басталмай жатып ата-аналардан педофилияға қатысты 2 арыз түсті
Соңғы жылдары өңірде педофилия деректері көбейді. Прокурорлар былтыр ата-аналардан түскен 93 арыз бойынша тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізген. Нақты дәлелі болмағасын 60 іс сотқа жетпеген. Ал 33 оқиға бойынша тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр. Жасөспірімдер өз алдына. Ересектерден кішкентай бүлдіршіндердің зәбір көру жағдайлары да тікелді. Биыл да жыл басталмай жатып полицияға 2 ата-ана арызданған. Былтыр діни экстремизмді насихаттады деген айыппен 16 ақтөбелік сотталды. Олардың жасы 19 бен 35 аралығында. Дені бұрын-соңды істі болмағандар. Ғаламтор арқылы тұрғындарды үгіттеп, жиһадқа шақырғандары 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Облыстағы діни ахуалды зерделеу мақсатында Темір, Байғанин аудандарында арнайы штаб құрылды. Мақсаты- эсктремизмнің алдын алу.Ақтөбеде жетімдердің құқығы тапталды. Былтыр прокурорлар Алға балалар үйінің 15 түлегінің мүддесін қорғап қалды. Облыс прокурорларының дерегінше, "Жасөспірімдер" үйінде тұрып жатқан жетім балаларға тиесілі пәтерлерді жасөспірімдер үйінің қызметкерлері заңсыз жалға беріп келген. Ал пәтерлерді жалға бергеннен түскен қаражат кіріске енгізілмеген.
Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарынан да олқылықтар анықталды. Менеджерлер 200- ге жуық кәсіпкерден артық құжат талап еткен. Мемлекеттік органдардың жұмысына наразы 14 мың облыс тұрғынының құқығы қорғалды. Өңірімізде қылмыс түрлері өршіп тұр. Бұзақылық жасайтындар көбейген. Адам денсаулығына қасақана зиян келтіру дерегі жалпы қылмыстың 39 , ал есірткі саудасымен айналысқандар 161 пайызын құрайды. Қару-жарақ ұрлау дерегі де салыстырмалы түрде өскен.
Количество показов: 1494
Дата создания: 22.01.2016 19:02:03
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>