Полицияға ғаламтор арқылы шағымдан!
Тұрмыста зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыз-келіншектер полиция қызметкерлеріне енді сайт арқылы арыздана алады. Облыстық ішкі істер департаментінің мамандары бүгін-ертең сайтқа түскен сұрақтарға онлайн тәртібінде жауап береді. Сауалдарды қазір жолдау керек. Қазақ әйелдерінің жаратылысы солай. Күйеуінен қанша зорлық көрсе де, басқаға тіс жармайды. Отбасын сақтау үшін іштен тынады. Жәбірленушілер тәртіп сақшыларына да арызданбайды, өйткені, арланады, ондағылар арызға немқұрайлы қарайды деп ойлайды. Әйелдердің осы тобына қалай да көмек беру үшін полиция қызметкерлері интернет-конференция өткізіп жатыр. Полицияға келуді ар санайтын қыз-келіншектер ең болмағанда ғаламтор арқылы басындағы проблемасын шешіп алсын деп. Интернет-конференцияға әйелдерді қолдау орталығы, облыстық денсаулық сақтау, білім басқармалары өкілдері де қатысуда. Қалалық әйелдерді қолдау орталығы мамандары бұл мәселемен күнделікті ұшырасады. 12 жылдың ішінде қоғамдық бірлестік 13 мыңнан астам нәзік жандыға құқықтық және психологиялық көмек көрсеткен. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспектор Марина Нұрымжанованың айтуынша, биылғы алты айдың ішінде жарына қол көтергендерге қатысты 5 қылмыс тіркелген. Бұл ресми дерек. Отбасының өз ішінде қалатын жағдайлар қаншама. |
Количество показов: 2004
Дата создания: 11.09.2013 19:57:50