Полицейлер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр
Мамырдағы мерекелерге орай, полицейлер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Қоғамдық тәртіпті сақтау шараларына ішкі әскердің жеке құрамынан бөлек, заң институтының тыңдаушылары, студенттер жасағы жұмылдырылып отыр. Полицейлердің жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Сәуірдің 25-і мен 27-сі аралығында облыс аумағында "Құқықтық тәртіп", "Қауіпсіз жол", "Пәтер жалдаушы" секілді жедел-алдын алу шаралары жүргізіледі. Тәртіп сақшылары есепте тұрғандарды, қару-жарақ иелерін, өзге мемлекеттерден келген тұлғаларды тексеретін болады. Жасөспірімдердің тәртібі алаңдатып отыр. Бесіктен белі шықпай жатып, ішімдік ішіп, темекіге үйірлері тәртіп сақшыларының назарына іліккен. "Жасөспірім" жедел-алдын алу іс шарасы барысында тәртіп бұзған 210 жасөспірім анықталды. Баласын бетімен жіберген 21 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер қала тұрғындарына құлаққағыс етеді. Белгісіз біреу қоңырау шалып, жақындарыңыздың бірін тәртіп сақшылары қамауға алған, ақша берсеңіз, құтқаруға көмектесемін десе, сенбеңіз. Бұл-алаяқтардың ісі дейді полицейлер. 79 жасар кейуана сеніп қалып, алаяқ қыздың қолына 100 мың теңгесін ұстата салған. Осындай жағдайларға кезіккендердің дереу полицияға хабарласқаны жөн. |
Количество показов: 1988
Дата создания: 25.04.2013 19:14:57