Пиротехниканы пайдаланбас бұрын қауіпсіздікке мән бер
Жаңа жыл қарсаңында мерекелік от шашулардың заңсыз сауда айналымына түсуі жиілейді. Осыған орай полиция 19-желтоқсан мен 3-қаңтар аралығында рейд жүргізеді. Құқық қорғау органдары өкілдері пиротехникаларды мектеп аумағында пайдалануға болмайтындығын қатаң ескертеді. Жасөспірімдерге ата - аналарының бақылауынсыз отшашулар атуға рұқсат жоқ. Жыл сайын Қытайдан әкелінетін жарылғыштардан зардап шегушілер облыстық жедел жәрдем ауруханасына аз түспейді. Травматолог дәрігер Нұрлан Әбішевтің айтуынша, әзірше отшашудан күйіп қалып, ұзақ емделгендер жоқ. Жаңа жылдық отшашуларды жеткіншектер ересектермен бірге барып, арнайы дүкендерден сатып алуы тиіс. Ал сатушылар сол жерде пиротехниканы пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіруі қажет. Дүкен сөресінде жарылғыш шартылдақтардың түр- түрі жетеді. Немерелерінің көңілі үшін арнаулы дүкенге келіп отшашу алып жатқандардың дені - зейнеткерлер. |
Количество показов: 2233
Дата создания: 20.12.2012 18:53:25