ПИК жетекшілері біліктіліктерін арттырды
Ақтөбеде Батыс Қазақстан аумағындағы пәтер иелері кооперативтері басшыларына арналған семинар-тренинг өтуде. Біліктілікті арттыру курстары 3, 5, 10 күндік. 3 күндік курсты тәмамдаған ПИК төрағалары мен төрайымдарына бүгін сертификаттары табыс етілді. Ал семинарда олар бір-бірімен тәжірибе алмасып қана қоймай, ортақ мәселелерді шешу жолдарын қарастырады. ҚР өңірлік даму министрлігі және "Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық орталығы" АҚ бірігіп қазір елде ПИК басшыларының біліктілігін арттыруға бағытталған аймақтық курстар жүргізуде. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының ПИК басшылары үшін семинар-тренинг С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде өтіп жатыр. Курстар 3,5 және 10 күндік. 3 күндік курсты тәмамдаған ПИК төрағалары мен төрайымдарына сертификаттар табыс етілді. Семинарды жүргізіп жатқан жоғарғы оқу орнының оқытушылары мен мамандары. Олар тұрғындармен жұмыс жасай білу, терможаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ заңға сүйене жұмыс жасауды үйретуде. Мысалға дамыған мемлекеттердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметі алынған. Пәтер иелері кооперативін басқарушылардың басым бөлігі шаруаны жүргізуді білгенімен заңға қатысты әлсіздік танытып жатады. Ал елде алғаш рет өткізілген біліктілікті арттыру курсынан үйренгеніміз көп дейді қатысушылар. Біздің қалада 1568 көп қабатты тұрғын үй бар. Олардың коммуналдық шаруашылығын 1027 ПИК мен 257 кондаминиум жүргізіп отыр. ПИК-тері терможаңғырту бағдарламасының қарқынды жүргізілуіне күш салады. 2014-ші жылы қалада 60-қа жуық үй терможаңғыртылады деген жоспар бар. |
Количество показов: 2236
Дата создания: 25.09.2013 18:35:36