Қалада пәтер иелері кооперативтері тығырыққа тіреліп отыр. Оған үкіметтің коммуналдық қызмет төлемдеріне қатысты жариялаған мараториі себеп. Төтенше жағдай кезінде халыққа көрсетіліп жатқан жеңілдіктердің бірі- желтоқсан айына дейін коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу кейінге қалдырылады. Ал тұрғындар ай сайын төлеп отырған қызмет ақысына ғана күн көріп отырған пәтер иелері кооперативтері бұл жағдайда таратылуы мүмкін. Үй басқарушылардың ортақ проблемасын "Көкжар" пәтер иелері кооперативінің төрағасы Жолбатыр Борамбаев көтеріп отыр. Оның сөзінше коммуналдық қызметтерге салынған мораторий пәтер иелері кооперативтеріне қолданылмауы керек. Тұрғындарға қызмет ақысын өтеттіру үшін "Көкжар" ПИК-і мен "Қазпошта" АҚ-ы арасында келісімшарт жасалған. Оған сай қызмет ақысы бірыңғай төлем құжатына енгізілген. Мораторийді пайдаланғысы келетін халық енді қайтадан коммуналдық қызмет ақыларын төлеуді кейінге қалдырады. Жолбатыр Борамбаев кейін шығынды қалай өндіріп аламыз деп те бас қатырып отыр. Өйткені мораторийсіз-ақ, коммуналдық қызметке ақша төлеуден жалтаратын тұрғындар жетіп артылады. "Көкжар" ПИК-нің қарамағында 37 көп қатарлы үй бар. Тұрғындар 3 миллион теңге қарыз.
Тұрғындар қызмет ақысын өтеуді кейінге қалдырса, ПИК-тері қаржысыз қалады. Жолбатыр Борамбаев жұмысшыларды ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр боламын деді. Ол уақытта көп қатарлы үйлер қараусыз қалады.
Количество показов: 825
Дата создания: 03.04.2020 18:24:42
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>