Жылдан жылға жалғасқан жертөле жыры. Жаманқұлов көшесі №6 үйдің тұрғындары үш жылдан бері жертөледегі 40 жылдық ескі құбырларын жаңасына ауыстыра алмай жүр. Осыдан екі күн бұрын қайтадан жарылған құбырдан аққан су жертөленің ішін тағы толтырып тастаған. Төменнен шыққан иіс үстіңгі қабаттарға тарап, пәтер иелерінің мазасын қашырған. Үйдің шаруашылық жұмыстарына жауапты "Сержан-1944" пәтер иелері кооперативінің төрағасы құбырды ауыстыруға құзіреті келмейтінін мәлімдеген. "Сержан-1944" ПИК төрағасы Кенжебай Ідірісов кәріз жүйесінің үнемі бітеліп қалатынын жасырған жоқ. Айтуынша, соңғы үш жылда құбырдың тесілмеген жері қалмаған. Бұлай жалғаса берсе, онсыз да ескі үйдің қабырғалары жарылуы мүмкін. Себебі жертөле үнемі ылғыл күйінде тұрады. Іші кеуіп үлгеріп жатса, құбырдан су тамшылап шыға келеді. Мәселеден "Aqtobe su-energy group" АҚ хабардар,- деп отыр.
Жаманқұлов көшесі №6 үйдің мәселесі бойынша "Aqtobe su-energy group" АҚ өз жауаптарын берді. Мекеме тұрғындардың уәжі бойынша тозығы әбден жетіп тұрған кәріз құбырын ауыстыруға асықпайтын секілді. Жоспар бойынша аталған көшеде күз, қыс айларында құбыр тазалау жұмыстары кешенді жүргізіледі. Қыркүйек-қазан айларында басталатын ағымдағы жөндеу алдымен ескі қала, Мәскеу, Сельмаш, Әуеқалағышы, Сүт зауыты аудандарында атқарылады.
Количество показов: 775
Дата создания: 24.08.2020 18:42:31
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>