Үй басқару жүйесіндегі өзгерістер тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелерін толыққанды шеше алады ма? Ақтөбелік пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары кері пікірде. Тұрғындар болса жаңалықтан әлі бейхабар. Қалалық тұрғын үй инспекциясы оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазақстанда мүліктің меншік иелері бірлестіктерін құру белсенді жүргізілуде. Тұрғын үй шаруашылық мәселелерін түзету туралы заңға ағымдағы жылдың басында өзгерістер енгізіліп, заң жобасы 7- қаңтарда күшіне енген болатын. Оған сәйкес, бір жылдың ішінде көппәтерлі үйдің тұрғындары кондоминиум нысанын басқарудың жаңа формасын таңдауға міндетті. Олар, мүліктің меншік иелері бірлестігі мен көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі. Ақтөбеде меншік иелері бірлестігін құру бойынша жұмыстар жоспарлы атқарылуда. Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Маманның айтуынша, егер тұрғындар жай серіктестік формасын таңдаса, олар бірлесіп шешім қабылдау мен өз міндеттерін орындауға жауапты болады. Сондай-ақ бірлескен жұмысты үйлестіретін сенімді адамды да сайлап алып, оған сенімхат жазып беруі керек. Кейін сенім білдірілген адам МИБ төрағасы сияқты жұмыс істей алады. Атап өту керек, жай серіктестік ретінде жұмыс істеуге тұрғындардың жүз пайыз келісімі керек.
Қазіргі таңда пәтер иелері кооперативітерінің жұмыс істей беруге құқығы бар. Алайда 2022- жылдың 1- шілдесіне дейін басқарушы немесе қызмет көрсетуші компаниялар болып қайта құрылуы керек. Белгіленген мерзімде ПИК-тер жұмыстарын тоқтатпаса заңды түрде жауапқа тартылады. Қаланың ескі бөлігінде орналасқан "Дубравушка" тұтынушылар кооперативінің қарамағында 26 үй бар. Ұйым төрағасы жаңа заң жан-жақты қарастырылмаған деген пікірде. Айтуынша, ескі қалада пәтерлер саны 8-ден аспайтын шағын үйлер көп. Оларға меншік иелері бірлестігін құру мүлдем қолайсыз. Айта кетейік, жаңа заңның аясында, сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдық салада цифрландыру шаралары атқарылады. Ол үшін электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпарат жүйелері енгізіледі. Жалпы алғанда, жаңа заң көппәтерлі үйлерді күтіп-ұстауды жақсартуға, мүлік иелері бірлестіктерінің қызметін жаңа деңгейге көтеруге, пәтер иелерін ортақ мүлікті басқаруға және туындайтын мәселелерді шешуге белсене атсалысуға ынталандыруы тиіс.
Количество показов: 947
Дата создания: 26.08.2020 19:30:04
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>