Пестицидтерді адам денсаулығына зиян
Пестицидтер - ауыл шаруышылығы саласында дәнді - дақылдарды жәндіктерден, кеміргештер мен саңырауқұлақтардан қорғау үшін қолданатын улы химиялық зат. Алайда, пестицидтердің адам баласына тигізер зияны көп. Бұл заттар мидың, сүт бездерінің, өкпенің, бүйректің жұмысына кері әсерін береді. Сондай - ақ, асқазанның қатерлі ісігіне де алып келуі мүмкін. Пестицидтерді, улы химикаттарды қолданар алдында санитарлық талаптарды сақтаған жөн. Яғни, пестицидтерді ашық аспан астында ұстауға болмайды. Пестицидтерді сақтауға арналған арнайы орындар бар. Қоймалар залалсыздандыру құралдарымен, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Арнайы киімсіз жұмыс жасауға болмайды. Айта кетейік, облыс бойынша пестицидтерді сақтайтын 15 қойма бар. Оның барлығында санитарлық - эпидемиологиялық талаптар сақталған. Атап өтсек, Ақтөбе қаласында - 10, Мұғалжар ауданында - 1, Әйтеке би ауданында - 1 және Мәртөк ауданында - 3 қойма жасақталған.Количество показов: 313
Дата создания: 11.07.2024 08:20:13