Пеш пен жылу құрылғыңызды тексеріп алыңыз!
Аптап ыстықта құтарушылардың мазасын қашырған өрт, күз келе екі есе көбейеді. Құтқарушылардың жұмысы осы уақытта қауырт. Себебі-жаз бойы пайдаланылмаған жылыту қазандықтары, жер үйлердегі пеш пен жылыту құрылғыларының іске қосылатын уақыты. Адами факторлардан туындайтын қатерлердің пайызы еселеп өсіп, материалдық шығындар мен адам өліміне, соның ішінде бала өліміне әкелер жағдайлар осындайда тіркеледі. Бүгінгі рейдтің мақсаты-қауіп пен қатердің алдын алу. Тұрғындарға ескерту. Облыстағы өрттің шығу себептерінің басым бөлігі электр желілерінің қысқаша тұйықталуынан, тұрмыстағы пештің, газ қондырғыларындағы ақау салдарынан болады, дейді мамандар. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрттің алдын алу мақсатында көп балалы, аз қамтылған, осал топтағы отбасыларға барып көмірқышқыл газын анықтайтын арнайы құрылғыларды орнатты. Облысымыз бойынша жалпы осал топты 6500 тұрғын үй бар. Аралау жұмыстары 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өтсе, екінші кезең 15 қыркүйектен басталып келесі жылдың сәуір айына дейін жалғасады. Қызметкерлер рейд барысында пештердің немесе өрт қауіпсіздігін бұзушылық жағдайы байқалғанда оны түзетуге кеңес беріп, жарнамалар таратты. Еске салсақ жыл басынан бері облысымыз бойынша 124 өрт тіркелген. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 30,5 пайызға аз. Аралау барысында осал топтағы тұрғындардың үйлерінен кемшіліктер байқалған жағдайда сәйкесінше Ақтөбе қаласының әкімдігіне жолданып, тиісті жұмыстар атқарылады,- деп сөз берді қызметкерлер.Количество показов: 248
Дата создания: 21.08.2024 09:31:05