Педофил 17 жылға сотталды
Алға ауданының тұрғыны 17 жылға сотталды. Ол 11 жастағы бүлдіршін қызды зорлаған. Педофил жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды. 2010 жылдың қыркүйек айында 27 жастағы жігіт өзі бірге тұратын әйелдің қызын зорлаған. Анасының жоқтығын пайдаланған ол қыз баланы бөлмесіне шақырып, арам ойын іске асырған. Ал 2011 жылдың желтоқсан айында түн ортасында бүлдіршінді тағы да зорламақ болған. Алайда үрейленген қыздың айқайынан оның анасы оянып, оның айуандық әрекеті жүзеге аспаған. Сот педофилден балаға рухани залал келтіргені үшін бір миллион теңге өндіріп алу туралы үкім етті.
Количество показов: 2763
Дата создания: 06.09.2012 19:01:22