Педагогика , өнер саласы мамандарын дайындайтын оқу орындарына жергілікті бюджеттен гранттар бөліне бастады
Бакалавриаттар үшін бүгіннен бастап 18-ші тамызға дейін байқау қортындысы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінетін гранттар бекітіледі. Байқауға қатысушыларға қажетті құжаттар тізбесі алдын ала жарияланған. Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындар тізбесі де алдын ала белгілі болған. Олардың қатарында биыл Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясы , "Нұр Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақ спорт және туризм Академиялары бар. Еңбек нарығына ең қажет деген мамандықтар бойынша жергілікті бюджет есебінен грантқа түсіп, кейін диплом алған студенттер кемінде бес жыл облыс аумағында өз мамандығы бойынша қызмет атқаруға міндетті.
Количество показов: 892
Дата создания: 16.08.2021 18:46:10