Парақор мектеп директоры ұсталды
150 мың теңге пара алған мектеп директоры ұсталды. Ақтөбе облысы бойынша қаржы полициясының хабарлауынша, оқиға өткен жылы орын алған. Қылмыстық іс материалына сәйкес, мектеп директоры бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту қызметін көрсетуші жеке кәсіпкерден ақша талап еткен. Ол ақшаға мемлекеттік сатып алу байқауында кәсіпкерді жеңіске жеткізіп, әрі қарай келісім-шарт жасасуға уәде еткен. |
Количество показов: 2315
Дата создания: 03.09.2013 18:57:14