Пара алған құқық қорғау қызметкері қолға түсті
Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері парақорлыққа қатысты тағы бір қылмыстың бетін ашты. Бұл жолы олардың құрығына қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жедел уәкілі ілікті. Пара алды деп айыпталған КА-168/1 мекемесінің жедел уәкілі қазір соттың санкциясымен қамауға алынды. Оған қарсы ҚР Қылмыстық Кодексінің 311 бабы бойынша іс қозғалатын болады. Аталған тұлғаға қатысты өзге ақпараттар тергеу мүддесіне байланысты әзірге жарияланбай отыр. |
Количество показов: 1928
Дата создания: 13.08.2013 17:42:24