Палуандар Еуроазиаттық ойында топ жарды
Ақтөбелік еркін күрес шеберлері Еуроазиаттық ойындардан топ жарып келді. Қыркүйектің 15-і мен 20-сы аралығында Алматы қаласында өткізілген Еуроазиаттық ойындарда еркін күрестен ел командасы бірінші орынды жеңіп алды. Халықаралық жарыста Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Беларуссиядан келген спортшылар бақтарын сынаған. Еркін күрестен ел намысын қорғаған ақтөбелік жас спортшылар Ербол Ділмағанбетов пен Арман Жиенқұлов Алматыда өткен Еуроазиаттық ойындардан олжалы оралды. Бірі алтын, бірі күмісті қанжығалады. Ербол Ділмағанбетов 38 келіде спорт шебері дәрежесін дәлелдеп шықты. 16 мен 17 жастағы бозбалалар № 4 облыстық мамандандырылған олимпиада ізбасарларын даярлайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бірнеше жылдан бері жаттығады. Тамыз айында еркін күрестен Қарағанды қаласында өткен іріктеу жарысында топ жарып, Еуроазиаттық сайысқа жолдама алыпты. Додаға Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстаннан спортшылар қатысты. Айта кетелік, қараша айының соңында еркін күрестен қыздар мен ұлдар арасында қалалық біріншілік өтпек. Бұл сында Арман Жиенқұлов 46 келі салмақ дәрежесінде қатысып, топ жаруды көздеп отыр. |
Количество показов: 1961
Дата создания: 25.09.2013 18:34:13