Пәтер қожайыны пәтер жалдаушыны сотқа берді
Өзінің үйін өзгеге жалға беріп, артынан баспанасына кіре алмай қалған ақтөбелік тұрғын сотқа жүгінуге мәжбүр болды. Пәтер жалдаушы қожайындарына тек бір айға ғана пәтерақы төлеген. Жарты жыл бойы тегін паналағаны былай тұрсын, үй иелерін пәтерге кіргізбей қойған. Тіпті, қожайындарынан баспананың иесі екендіктерін растайтын құжаттар әкелуді талап еткен. Өзгенің үйін өзінікі санап, үйдің қожайындарын туған үйінің есігінен де сығалатпай қойған пәтер жалдаушы осылай айқай-шу шығарды. Дауға қалған - қаланың Шанхай ауданындағы бір бөлмелі пәтер. Бос тұрған баспананы пәтер иелері жалға берген. Жалдап алушы бір айға 35 мың теңге пәтерақысын да төлейді. Бірақ, бұл ұзаққа бармайды. Істің насырға шауып бара жатқанын түсінген қожайын бір айдан соң, ақыны төлеуден жалтарып жүрген пәтер жалдаушылардан баспанасын босатуды сұрайды. Бірақ, оған көнетін уақытша тұрғындар жоқ. Бұл әрекетке пәтер жалдаушы үй қожайынының пәтердің өзіне тиесілі екендігін растайтын құжаттарын әкелмегесін бардым дейді. Өз үйіне емін-еркін кіруден қалған қожайындар шарасыздықтан учаскелік инспектордан көмек сұраған. Алайда, пәтер жалдап жатқандар үйді босатуға асықпайды. Бұл әрекеттерінен еш нәтиже шықпағасын, қалалық сотқа шағым түсірген. Сот орындаушылары соттың шешімін жүзеге асырды. |
Количество показов: 2121
Дата создания: 04.09.2013 18:55:41