Отбасым-бақыт мекенім
"Отбасым - бақыт мекенім" атты мерекелік шарада қаламызға танымал өнер майталмандары, оның ішінде Асылхановтар, Айтжановтар, Ермековтер, Махметовтер, Ермекбаевтар, Өтешовтер, Мұқановтар отбасы бақ сынады. Әке, ана, отбасы тақырыбында ән шырқап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.Отбасы - баға жетпес құндылық, әрі шағын мемлекет. Шағын мемлекеттің болашағы жарқын, қамалы берік болуы әкеге тікелей байланысты. Отбасыда әке мен ана балаға дұрыс тәлім - тәрбие беріп, өмірге жетелесе отбасының іргетасы берік болары сөзсіз.Бүгінгі мерекелік шара тәрбиелік маңызы бар құндылықтарды ұлықтау үшін ұйымдастырылып отыр. Бақ сынаған өнерлі отбасылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Количество показов: 306
Дата создания: 16.05.2024 06:52:05